Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) айтты: «Бір адам бір ағаш отырғызса, амал дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады», – деген екен. Ағаштың қоршаған ортаға беретін пайдасының мол екеніне ғылымның да көзі жетіп отыр. Ағаш ылғалды сақтайды, құм көшуден қорғайды, егіндікті желден аман алып қалады, күннің ыстығынан қорғайды, топырақтың тұздануын азайтады, көмір қышқылын жұтып, оттегі бөлу арқылы ауаны тазартады. Қазақ халқы құдық қазуды, өзенге көпір салуды, жерге ағаш егуді ең сауапты іс деп білген. Көктем мезгілі басталғалы, жалпы қаланы гүлдендіру жұмыстары жалғасуда. Мамыр айының 7-сі күні Сұрыптау елді мекені маңында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Ізгі іске «Бала қажы» мешітінің Бас имамы Нуров Махмұд қажы Нұрұлы бастаған дін қызметкерлері мен жамағат басы бірігіп белсене қатысты. Білек сыбана кіріскен бауырларға жоғарыда хадисте айтылғандай, Алла ахиретте осы істің сауабын жазсын деп дұға етеміз!
Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!
