«Ауыздықпен су ішіп, етігімен қан кешкен» сонау сұрапыл соғыс жылдарында ерен ерлік көрсетіп, елге аман-есен оралған аталаларымыз қандай құрметке болса да лайық. Бүгінде ардақты аталарымыздың қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Демек, Отан үшін от кешкен осындай ардагерлерімізге деген құрмет пен ыстық ықыластарымызды әрқашан білдіруге тиіспіз. Осы орайда, жеңіс күнінің құрметіне өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасын басшылыққа алып, қаламыздағы соғыс және тыл ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетілді. №1-мешіттің бас имамы Орманбет қажы Болатұлы ардагерлер отбасына барып, олармен емен-жарқын сұхбат құрып, дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің атынан құттықтау тілек айтып, сый сияпаттарын жасады. Қаржылай көмек көрсетіп, дастархан басында тарихи әңгімелерін тыңдап, майдан даласында шейіт болғандарға дұға бағыштады. Қариялар егемен еліміздің бейбітшілігінің баянды болуын тілеп, дін қызметкерлерінің ізгі ниеттеріне шынайы алғыстарын білдірді.
[gallery link="file" ids="6406,6407,6408,6409,6410,6411"] Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі«Ешкім де, ештеңе де ұмыт қалмайды»