Center Image
IHSAN.KZ
Соғыс ардагерлерін құрметтеді
Соғыс ардагерлерін құрметтеді

Соғыс ардагерлерін құрметтеді9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтады. Соғыс ардагерлерін құттықтау дәстүрлі түрде өтетін шара. Жылдар өте келе кейбір ардагерлер салтанатты іс-шараға, жауынгер достарымен кездесуге мүмкіндігі болмай жатады. Сондықтан елі үшін, болашақ халқы үшін жандарын бәйгеге тіккен, ардақты тұлғаларға құрмет көрсету баршамыздың борышымыз. Осы мақсатта бас имам Нұров Махмұд қажы Нұрұлы аталарымыздың ерең еңбектерімен бөлісіп, сый-сыяпат жасап қайтты. Ержүрек, майдангер аталарымыз кейінгі жастарға еңбекшіл болыңдар. Адам еңбекпен көркейеді, еңбек адамның атын шығарады. Көңілді болып, шаттанып жүріңіздер. Келешектерің мол болсын, дендерін сау болсын, білімдерің арта берсін деген ізгі тілектерін, баталарын берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz