Center Image
IHSAN.KZ
Құнанбай қажы мешітінде Ережеп айында игі іс-шара атқарылды

Сауір айының 30-шы жұлдызында Алла Тағаланың айы болған Ережеп айының алғашқы күнінде Құнанбай қажы мешітінің Найб имамы Асқар Мейрамбекұлының ұйымдастыруымен жамағатқа ауыз ашар берілді. Осы игі шараны пайдалана отырып, мешіт найб имамы жиналған жамағатқ ауыз бірлікке шакырып, Ережеп айының қасиеті турасында уағыз айтты. Сонымен қатар, Асқар Мейрамбекұлы бұл үрдістің алдағы уақытта Ережеп пен Шағбан айы бойы толлассыз жүргізіліп, Рамазан айының ауызашарларына ұласатынын айтты. Бұл мешіт жамағатының арасында ынтымақты күшейтіп, бауырмалдықты арттырудың бірден-бір жолы. Жамағатты біріктірген осындай игі шаралармен Ережеп айының күндері берекеленіп, Алла Тағала қасиетті Рамазан айына амандықпен қауыштырғай!

[gallery link="file" columns="2" ids="6452,6453"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz