Center Image
IHSAN.KZ
Құнанбай қажы мешітінде ардагерлерге құрмет көрсетілді

Мамыр айының 7-ші жұлдызында,Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Жеңіс күні қарсаңында Құнанбай қажы мешіттің ұжымы, Құнанбай қажы мешітінің найб имамы Асқар Мейрамбек ұлының бастамасымен, Құнанбай қажы мешітінің ішіндеҰлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған мерекелік дастархан жайылып, ас берілді. Келген ардагерлер алдында найб имам Асқар Мейрамбекұлы сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің құттықтауын жеткізіп, ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, басқыншы жаумен болған соғыста бейбіт өмір үшін күресіп, соғыста құрбан болған марқұмдардың рухына Құран бағышталды. Мерекелік ас соңында ардагерлерге қаржылай сыйлық, діни кітаптар тарту етті. Ұлы Отан соғысының ардагерлері осы игі шараны ұймдастырған мешіт ұжымына шынайы ризашылыктарын білдіріп, ақ баталарын берді.

[gallery link="file" ids="6456,6457,6458,6459,6460,6461,6462,6463,6464"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz