Center Image
IHSAN.KZ
Бас мүфтидің жүлдесіне тұңғыш рет өткізілетін қазақша күрестен дүбірлі дода
Бас мүфтидің жүлдесіне тұңғыш рет өткізілетін қазақша күрестен дүбірлі дода

Бас мүфтидің жүлдесіне тұңғыш рет өткізілетін қазақша күрестен дүбірлі додаҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2014 – «Дін мен дәстүр» жылына орай Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін тұңғыш рет қазақ күресінен палуандар арасында жарыс өтеді.

Жарысқа 18 жастан асқан, салмағы 74 келіден жоғары әуесқой спортшылар қатысады. Оған 95 балуан қатысады деп күтілуде. Жарыстың ашылу салтанатына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, қазақ спортының майталмандары – Жақсылық Үшкемпіров, Ислам Байрамуков, Ермахан Ибраимов, Алматыдағы Қазақ күресі федерациясының президенті Құсман Шалабаев, Бейбіт Ыстыбаевтар қатысады. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласады.

Қазақ күресі халқымыздың ұлттық дәстүрлері мен нақыштарын көрсетіп қана қоймай, жастарымызға имандылықпен қатар ұлттық құндылықтарымызды қастерлей білуге үйретері сөзсіз.

Жүлде қоры:

I орын жүлдесі үшін – Умра қажылық сапары

II орын – теледидар (250 000 теңге)

III орын – екі спортшыға ноутбук (150 000 теңге)

Сайыстың өтетін уақыты мен орны:

14 мамырда сағат 11:00-де Ақсай 1, 10-ғимарат, «Прайм плаза» сауда кешенінің артында Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің спорт залында (Райымбек батыр көшесі мен Сайн көшелерінің қиылысы) өтеді.

muftyat.kz



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz