ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ қажының тапсырмасы бойынша Балқаш қаласына қарасты Саяқ кенті мешітінде ағымдағы жылдың мамыр айының 13 күні жастарға арнап «Лаңкестікке жол жоқ!!!» атты семинар өткізді. Кездесуге Саяқ кенті мешітінің бас имамы Валиев Ахмадулла Хабибұлы және жергілікті №29 орта мектеп оқушылары қатысты. Семинарда сөз алған бас имам Ахмадулла Хабибұлы өскелең ұрпаққа: «Ислам діні-барша адам баласын бейбітшілікке, амандыққа, тыныш өмір сүруге шақыратын дін екендігін түсіндіріп, қазіргі күні асыл дінімізге «террор», «экстремизм» деген дінімізге жат сан түрлі атаулар беріліп, терроролық әрекеттерге соқтықтыруда. Ислам сөзі – бейбітшілік, есендік деген мағынаны беретіндігін, жер бетіне жіберілген соңғы иләһи дін екендігін түсіндіріп, уағыз-насихат айтты.
[gallery link="file" columns="4" ids="6568,6569,6570,6571"]Лаңкестікке жол жоқ!