Бұқар жырау ауданы Ақтөбе ауылында қасиетті Ережеп айына арнайы ұйымдастырылған Футболдан сайыс өтті. Аудан бойынша өткен сайысқа 8 команда қатысты. Әнұранмен басталған ашылу салтанатында аудан имамы Мукаев А. Р. Ережеп айымен салауатты өмір салтын насихат етті. Ауыл әкімі Казатай Б. К. өз кезегінде қатысушыларға сәттілік тіледі. Әділдікпен өте тартымды өткен сайыстың нәтижесі бойынша Ақтөбе командасы кубокпен 1 орынды иеленді, 2-орынды Жаңаталап мешітінің командасы иеленсе, 3-орын Қызылжар мешіті командасына тиесілі болды. Үш орынға дайындаған арнайы дипломмен ақшалай сыйлықтар берілді. Үздік ойыншы «Жыржыс қажы» командасына, үздік қақпашы, үздік шабуылшы номинациясын Ақтөбе командасы алса, үздік қорғаушы Қызылжар командасына бұйырды. Келешек ұрпаққа өнеге болу үшін бірлікті нығайту мақсатында аудан имамдары насихатты тек тілмен емес, іспен де дәлелдей білді. Мешіт жанына құрған киіз үйде дастарған жайылып ас берілді. Үлкен додаға демеушілік білдірген Рахман Қалжанұлы, Ерментай Байжанұлы, Ерболат Шәмкенұлы азаматтарына аудан имамы Алғыс хат табыстады.
[gallery link="file" columns="2" ids="6579,6580"]Келешекке үлгі болсақ