Ислам Діні мұсылманнан қоршаған ортаны қорғауды, таза ұстауды, ретке келтіруді талап етеді. Кімде-кім өзін қоршаған сұлулықты сақтай білсе, нағыз мұсылман сол адам. Бұл туралы Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде жан-жақты әрі сан мәрте айтылған. «Бала қажы» мешіті ауласында гүлдендіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға бас имам Нұров Махмұд қажы Нұрұлы сондай-ақ мешіт жамағаттары ат салысты. Гүл отырғызу, бұл айналамызды көркейтіп қана қоймай, Ислам дінімізде үлкен сауапқа кенелтетін игі шаралардың бірі. Себебі, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Қиямет басталып жатса-дағы қолыңдағы бір түп ағашты отырғызып қал» деп өсиет еткені баршамызға аян. Игі істер көбейе берсін ағайын.
Мешіт ауласына көгалдандыру жұмыстары жүргізілді
