Көктемгі кезеңнің мамыр айы көгалдандыруға оңтайлы уақыт. Осы қолайлы уақытты тиімді пайдаланған №1-мешіт ұжымы ағаш егуді аяқтап, енді гүлдендіру ісін қолға алды. Жер талғайтын өсімдікке арнап, өңделген қара топырақ жайылды. Мешіттің бас имамы Орманбет қажы мешіттегі апалар қауымын жұмылдырып, ақ жаулықты аналардың қолымен көздің жауын алатын түрлі-түсті нәзік гүлдерді құнарлы топыраққа отырғызуды іске асырды. Енді оны алдағы уақытта күтіп баптау мешіт қызметкерлерінің жұмыс кестесіне енгізілді.
[gallery link="file" ids="6617,6618,6619"] Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметіМешіт ауласына гүл егіліп көркейтілді