Center Image
IHSAN.KZ
Семинар мен сұхбаттар сабақтасты

Бүгінде көптеген ұғымдардың мәні бірталай өзгерістерді басынан кешіп, бірқатар себептерге байланысты Исламға қатысты мәселелер күрделенді. Мұның басты себептерінің бірі – кейбір топтар дінді қазіргі заман мен қоғам талаптарына сай жете түсіне алмауынан туындап отырғаны жасырын емес. Сонымен қатар, қазақ халқының ғасырлар бойы мұсылманшылық негіздерімен үйлесе қабысқан салт-дәстүр, ұлттық дүниетаным негіздерін үзілді-кесілді жоққа шығару үдерісі де ел ішінде көптеген түсініспеушілікке жол ашып отыр. Мәселенің екінші қырына келсек, кейбіреулер мұсылманшылыққа еш қатысы жоқ лаңкестік әрекеттерді шынайы мұсылман үмбетіне телуде. Осы мәселелердің ара-жігін ажыратып алу үшін мамандардың өзекті пікірін қоғамға таныту ісі аса маңызды екені сөзсіз. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Нағыз мұсылман – басқа адамдар оның тілі мен қолынан жапа шекпеген адам, нағыз иманды кісі – адамдар өздерінің мал-жандарына байланысты оған сенім арта білген адам» - дейді. Исламның мұндай амандығы мен бейбітшілдігі мұсылманды да, өзге дін өкілін де, жалпы барша адамзатты қамтиды. Тіпті ислам өзге дін өкілі амандық тілеп пана іздесе, ол үшін қауіпсіз жағдай жасап, оған көмек қолын созуды мұсылман баласына міндеттейді. Дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тың бастамаларымен жүзеге асып жатқан РАНТ-ның іс-шаралары Қарағанды өңірінде өкіл имам Өмірзақ қажының ұтымды ұйымдастыруымен өндіріліп іске асып жатыр. Облысқа арнайы іссапармен келген ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, «Нұр-Мүбарак» ислам университетінің докторанты, теолог, РАНТ мүшесі Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы діни қызметкерлерге серпінді семинар өткізумен қатар, уақытты жүйелеп жоғары оқу орындарында және жергілікті телеарналарда сұхбаттар өткізуде. Аптаның жұма күндері тұрақты беріліп тұратын жергілікті «5-ші арна» телеарнасындағы «Ислам. Сауалдар мен жауаптар» діни танымдық топтамасында қонақта болған Сансызбай Құрбанұлы сан салалы сауалдарға салмақты жауап берді. Сұхбат барысында жиһадтың негізгі мағынасы, діни сауатсыздықтың алдын-алу, Исламдағы мұсылманның шынайы бейнесі, қоғамды жат діни пікірлерден сақтандыруда ҚМДБ-ға қарасты мешіттердің атқарып жатқан рөлін кеңінен насихаттады. Сондай-ақ, лаңкестік идеяларының қаупі мен қателігін ашып, мұсылманның да, өзге дін өкілінің де құқына қол сұғудың шариғатта қылмыс болып табылатынын жеткізді.

[gallery link="file" columns="2" ids="6716,6714,6713,6712"]

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz