Бүгінде жат ағымдардың жетегінде кетіп жатқан жастарымыз қаншама.Мұның бәрі діни сауаттылықтың аздығы болып табылады.Міне осы мақсатта мамыр айының 28-ші жұлдызында Шахтинск қаласы «Нұр» мешітінің бас имамы Хумар Қоныскерей және Шахан кентінің молдасы Караев Бағдат бір қатар кент оқушыларымен келелі кездесуде бас қосты. Бас имам ислам дінінің құндылықтары,соның ішінде ата-анаға құрмет, көркем мінез,тәртіп-тәрбие негіздері жайлы пайғамбарымыз (с.ғ.с)-дың хадис шарифтерінен мысалдар келтіріп, өскелең ұрпақ бойындағы ізгілік,кішіпейілділік тағы да басқа құнды да,мәнді уағыз насихат аясында әңгіме жүргізді.
[gallery link="file" columns="2" ids="6809,6810"]Шахан кентіндегі кездесу