Center Image
IHSAN.KZ
Қос қайырымдылық қанатын жайды

Ұлы даланы еркін жайлаған қазақ халқы – сан ғасырдан бері дін Исламның мәңгілік мұраларына қанығып, шариғат қағидаларын өмірге тірек етіп келген мұсылман халық. Сондықтан бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның болашағы мен бақытына алаңдап Алладан медет тілейді. Мемлекетіміз де балаларға ерекше көңіл бөліп, оның болашақ негізі екендігіне мән беріп «1-маусым балаларды қорғау күні» етіп бекітіп берген. Осы атаулы датаның қарсаңында қаламыздағы №1-мешітінің бас имамы Орманбет қажы Болатұлы дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің қайырымдылыққа қатысты іс-шараларды дамыту тұрғысында жолдаған бағытын басшылыққа алып, жекелеген отбасылардың балаларын топтастырып қайырымдылық шарасын атқарды. Мүгедек жандар мен көпбалалы отбасылардың балаларын жазғы киімдермен қамтамасыз етіп, жеткіншектердің көңіл-күйлерін көтерді. Балалардың әрқайсысына бес мың теңгенің қаражаты жұмсалды. Жүздері бал-бұл жанған балалармен бірге киім дүкенін бірге аралаған бас имам келесі кезекте халал асханадан балаларға дәмді тағамдар ұсынды. Әрдайым көмек қолын созып, қайырымдылықтан қалыс қалдырмайтын бас имамға ата-аналар ризалықтарын білдірді. Балалармен бірге болған бас имам жақсы істі жалғастыру ниетімен облыстық балалар шипажайының өтініші бойынша осы мекемеге ат басын бұрып, мешіттің атынан екі жаңа кілемді сыйға берді. Мекеме басшыларымен бала тәрбиесі турасында сұхбат құрып, олардың сауапты еңбектеріне табыс тілеп, батасын беріп қайтты.

[gallery link="file" ids="6824,6825,6826,6827,6828,6829,6830,6831,6832,6833,6834,6835,6836"]

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz