Қарағанды қалалық №1-мешітінің бас имамы Орманбет қажы Болатұлы Балқаш қалалық мешітінде жұма күнгі жамағатпен жүздесіп, шағбан айының қасиеті мен жамағат арасындағы ынтымақ турасында уағыз насихат жүргізді. Өкіл имам Өмірзақ қажының ақпарат насихат тобының жұмысын жан-жақты дамыту барысында алға қойып отырған іс-шараларын атқару барысында кадрлық ауыстырулар да орын алуда. Бас имам Орманбет қажы уағыз соңында мешіттің бас имамы Марат қажының Алматы қаласының орталық мешітіне ауысуына байланысты, аталмыш мешітке бас мүфтидің бұйрығымен уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалған осы мешіттің наиб имамы Түсіпбеков Асылханды жамағатқа таныстырды. Бұдан бұрын имамдық қызметте болған Аманжолов Маратқа осы уақытқа дейін дінімізді дамыту тұрғысында жан-жақты атқарған абыройлы еңбектеріне облыс имамының атынан алғыс айтып, жамағат атынан игі дәстүр бойынша иығына шапан жапты. «Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды» дегендей, мешіттің дуалы ауыз ақсақалы қос имамның біріне сәттілік тілеп, біріне аталық ақ батасын берді.
[gallery link="file" columns="4" ids="6873,6874,6875,6876"]Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі