Center Image
IHSAN.KZ
АНТ-ның ақпараты ауқымын кеңейтуде
АНТ-ның ақпараты ауқымын кеңейтуде

АНТ-ның ақпараты ауқымын кеңейтуде№1-мешітінің наиб имамы Хайролла Жақияұлы ақпараттық насихат тобының бағыты бойынша қаламыздағы «Қарағанды-Су» мекемесінің ұжымымен өткен кездесуге қатысты. Кездесу барысында діни ағымдардың шығу тарихы, жат ағымдардан сақтанудың жолдары мен алдын-алу мәселелері қамтылды. Адал еңбек ету мен адамгершілік принциптерінің негізі имандылықтан бастау алатындығын жеткізген имам өз кезегінде өзге ұлттардың қатысып отырғандығын ескеріп, орыс тілінде де насихат айтты. Уағыз барысында ұлтаралық достық пен дінаралық тұтастықты көркем түрде насихаттады.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz