Center Image
IHSAN.KZ
Шет ауданы «Жанқұтты би» мешіті жанынан мектеп оқушыларына жазғы сауат ашу курсы ашылды

«Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Б.Алпысбайұлы биыл осымен үшінші жыл мектеп оқушыларына күндізгі сауат ашу курсын ұйымдастырып отыр. 9-ші маусым сағат 10.00-де аталмыш мешітке жиналған 32 балаға, бас имам оқу бағдарламасымен таныстырып,оқушыларға әдеп,ата-анаға құрмет,білім туралы уағыз айтып бата берді. Балаларды имандылыққа тәрбиелеу мақсатында Құран әліппесі, имандылық шарттары, Ислам әдебі, намаз оқу негіздері сынды Ислам дінінің бастапқы алғы шарттарын оқыту, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы мақұлдаған мультфильмдер мен діни фильмдер көрсетуі, сонымен қатар әр түрлі спортпен шұғылданатынын айтып өтті. Аудан азаматтарының демеушілігімен балаларға бір мезгіл мешіт асханасынан түскі ас беріліп, жазғы сауат ашу курсы маусымның 25-не дейін жалғасатын болады.

[gallery link="file" ids="7053,7054,7055,7056,7057,7058"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz