Қаладағы күйбің тіршіліктің адамды мезі ететін сәттері болады. Осындайда, шіркін, тым болмаса, бір күнімді таза ауа мен табиғаттың аясында демалып, ойымды ретке келтіріп, бір тынығып алсам деп іштей ойланамыз. Ал уақыттын орайы келіп жатса, әрине демалыстың жаман әсері болмас. Әсіресе, Қарағанды облыстық орталық мешітінің жамағаты сынды өткізер болса... Mаусым айының алғашқы аптасында, Қарағанды облыстық орталық мешітінің жамағаты жиналып, Қарқаралы демалыс орнына барып келді. Маусымның шуақты күнінде бауырларымыздың басын қосып, бір үйдің балаларындай жиналып баруына бірден-бір себепкер - Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Рақымжан Дастан. Облыстық мешіттен арнайы саяхатқа автобус қамтамасыз етіліп, бір автобус тола Қарқаралыға жол тартты. Табиғат аясында серуендеп қана қоймай, түрлі тақырыпта уағыздар айтылып, бауырларымыз бір серпіліп қалды. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілі Өмірзақ қажы Қазкенұлының «бірлігі жарасқан елдің қаймағы шайқалмас» деген сөзін тілге тиек етіп, білім, бірлік жайында керемет уағыздар айтылып, жұмыла дастархан әзірлеп, бір дастархан басында ауқаттанып, табиғат ортасында құлшылықтарын жасап, спорт ойындарына да көңіл бөлді. Осындай жиындар көп болып, достығымыз нығайса, нұр үстіне нұр болар.
[gallery columns="4" link="file" ids="7071,7072,7073,7074,7075,7076,7077"]Тотия Енсебаева Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі