ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Қарағанды қаласы орталық мешітінің бас имамы Бекқожа Өмірзақ қажының Рамазан айына байланысты тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында,11 маусым күні Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Б.Алпысбайұлы Шет ауданына қарасты барлық ауыл молдаларын жинап жиналыс өткізді.Жиналыста күн тәртібіндегі негізгі мәселе қасиетті Рамазан айына дайындық.Күн тәртібіндегі мәселеге орай Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ел халықына үндеуі мен құттықтауы толығымен таныстырылып, қасиетті амазан айын қалай ұйымдастырып өткізу туралы нақты тапсырмалар берілді.Рамазан айында берілетін пітір садақаның мөлшері әсіресе осы ай бойы жер-жерде уағыз-насихат жұмысын жандандыру жайлы да айтылды.Ауыл молдаларына халықымыз рамазан-мұсылмандардың ұлы мейрамы екенін сезінуі үшін мешіт ауласын көгалдандырып,ғимаратын мерекелік әшекейлермен безендіру,мешіттің көрнекті жерлеріне баннер ілу,адамдарға ауз ашар ұйымдастыру туралы т.б бір қатар тапсырмалар беріліп жүйелі түрде жүзеге асыру керектігін айтты.
[gallery link="file" columns="2" ids="7104,7105"]Ауыл молдаларымен өткен жиналыс