ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілі Қарағанды қаласының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының басшылығын қолға алып тапсырмаға тиянақтылық танытқан Бұқар жырау ауданы бойынша бас имам Аманбол қажы Рымқұлұлының ұйымдастыруымен Шағбан айында атқарып жатқан шаралар аз емес. Соның бірі «Барaат күні балаларға базарлық» атты қайрымдылық шарасы жылдағы дәстүрмен жалғасын тапты.Биылғы жылғы ерекшелігі Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасымен мешіт жанынан сауат ашу курсын дамытып, оған ерекше көңіл бөлу міндеттелгендіктен,жазғы демалыстағы балалармен қоса Әкімшіліктен алған мұқтаж отбасыларының балалары арнайы шақырылды. Ашық есік күні болғандықтан мешітке келген әр балаға есік айқара ашық болды. Жылдан жылға саны артып 150-200 мұғдарында одан да көп келетін балаларға балмұздақ, шырын, ойыншықтар таратылып,мультфильмдер көрсетілді.Балаларға шаттық сыйлау аясында мешіт алаңына құрған батутта күні бойы тегін ойнаған балалардың шаттығына себепкер болған аудан тұрғыны Сатаев Арғын Қанатұлына Алла разы болсын, екі дүние рахатын көрсін деп тілейміз.
[gallery link="file" columns="4" ids="7120,7121,7122,7123"]Барaат күні балаларға базарлық