Маусымның 13-нші жұлдызында Теміртау қаласы орталық мешітінің бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлы іс- сапармен Нұра ауданына барып қайтты. Кезекті уағыз-насихат жоспарымен Нұра ауданының Байтуған ауылында болып, жұма намазында жамағатпен жүздесті. Ынтымақ, бірлік жайында жұма уағызын айтып, жұма намазын жүргізді. Уағыздан ауыл жамағаты жақсы әсер алғанына риза қоштығын білдіріп, ақсақалдар имамға ақ жол тілеп, батасын берді.
[gallery link="file" columns="2" ids="7255,7256"]Нұра ауданының жамағатымен жүздесті