Center Image
IHSAN.KZ
Мешіт ауласын көркейтуде

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сәйкес, облысқа қарасты қала, аудан мешіттерінің аулаларын көгалдандыру қолға алынған. Көктемде көптеген мешіттердің аулаларына ағаштар отырғызылғаны баршаға мәлім. Ал жаз айы басталғалы әдемі гүлдер отырғызылып, мешіт аулалары көркеюде. Маусым айының 17-18 жұлдызында Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұжымы мен «Жасыл ел» еңбек жасағы бірлесе отырып, облыстық орталық мешіттің ауласына гүлдер отырғызуда. Түрлі ою-өрнекпен нақыштап отырғызылған, көздің жауын алатын гүлдер мешітіміздің ауласына ерекше көрік пен әсемдік сыйлап тұр.

[gallery link="file" columns="4" ids="7308,7309,7310,7311,7312,7313,7314"]

Тотия Енсебаева Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz