Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Саран қаласында орналасқан әуе қорғанысы бөлімшесінің сарбаздарымен мазмұнды кездесу өткізілді. Облыстан арнайы келген психологиялық көмек орталығының мамандары жастарға кертартпа секталардан сақтану жолдарын түсіндірді. Саран қаласының бас имамы Мұқаметқали қажы Ислам діні адам баласын ұлтқа, нәсіліне бөлмейтін, ынтымақ пен бірлікті, татулықпен адалдықты, білім мен еңбекқорылықты насихаттайтын таза дін екендігін, ислам қағидаларын түсіндіріп, сарбаздардың сұрақтарына жауап берді. Жиналған қауымға бас мүфти хазрет Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына арналған үндеуін жеткізіп келе жатқан қасиетті ораза айымен құттықтап бата берді.
[gallery columns="2" link="file" ids="7471,7470"]Ырыс алды ынтымақ