Маусым айының 20-ншы жұлдызында Қарағанды қаласы «Бала қажы» мешітіне Теміртау қалалық орталық мешітінің бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлы жұма намазын өткізіп қайтты. Жұма намазына жиналған жамағатқа отбасы қарым-қатынастары және талақ мәселесі жайында уағыз айтты. Намаз соңында ақсақалдар имамға ақ батасын беріп, өз ризашылықтарын білдіріп, шығарып салды.
Теміртау имамы «Бала қажы» мешітінде
