Center Image
IHSAN.KZ
Мекеме басшылары мен демеуші азаматтармен өткен кездесу

Маусымның 20-ншы жұлдызында Теміртау қаласы орталық мешітінің бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен Теміртау қаласының орталық мешітінде мекеме басшылары және мешітке үнемі демеушілік жасап жүрген азаматтар бас қосты. Басты мақсат алда келе жатқан қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, Рамазан айының қадір-қасиеті жайында уағыз насихат айтты. Бас имам Ербол ақ дастарханда отырған азаматтарға рахметін айта келе, олардың отбасына амандық, жұмыстарына береке тілеп, Рамазан айы барша мұсылмандарға мүбәрак болсын деген ниетпен жылы лебізін білдірді. Соңында құран оқып, дұға жасады.

[gallery link="file" columns="2" ids="7572,7573"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz