Center Image
IHSAN.KZ
Діни сауат ашқан балаларға базарлық жасалды

«Көңілді жаз - 2014» жоспары бойынша №1-мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алған 45 шәкіртке мешіт ішінде марапаттау рәсімі өткізілді. Өкіл имам Өмірзақ қажының тапсырмасына сәйкес өткізілген шараны қортындылаған Бас имам Орманбет қажы балаларды ата-аналарымен бірге осы рәсімге қатыстырып, жазғы мезгілде алған тәлімдерін көпшілікке көрсетіп ерекше әсерге бөледі. Әсіресе, жас жеткіншектердің мәнерлеп оқыған сүрелері мен тәрбиелік мәндегі тақпақтары, баталары мен кемеңгерлердің қара сөздері көпшілікті тәнті етті. Арнайы шақырумен келген өкіл имам Өмірзақ қажының қолымен балаларға алғыс хаттар табысталды. Балалардың және ата-аналардың өтініштері бойынша діни сауат ашу курсы жалғаса беретін болды. Абыроймен атқарылған істің келесі күні балалар Қарқаралы ауданына сапарға шықты. Екі күндік сапарда балалар табиғат аясында тынығып, тарихи орындарды зиярат жасады. «Құнанбай қажы» мешітінде намаздарын оқып, осы мешіттің бас имамынан уағыздар естіді. Жайлы орындарда жатып демалған балаларды түрлі сауықтыру ойындарымен көңіл сергітіп, әрбір сәттері әсерлі өткізілді. Балаларға жетекшілік жасап барған имамдар мен ұстаздар Қарқаралы аудандық мешітінің жамағаттарымен футбол ойынын өткізді. Бұл ойын өрнегі де қала мен аудан жамағаттарының танысып, білісуіне кең жол ашты. Әрбір сәті ұқыпты өткізілген шараны сәтті аяқтаған балаларды ата-аналары мешіт ауласында күтіп алды. Бас имам Орманбет қажы Болатұлына ата-аналар қасиетті рамазан айының қарсаңында осындай игілікті істі ерекше өткізгендігіне алғысын айтып, ақ баталарын берді.

[gallery link="file" columns="4" ids="7618,7622,7623,7624,7625,7626,7627,7628,7629,7630,7631,7632"] Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz