Center Image
IHSAN.KZ
Рамазан құрметіне мешіт ашылды

Алла үйі мұсылман қауымға есігін ашты. Айлардың сұлтаны Рамазан айымен тұспа-тұс келген қос жағымды жаңалық. Осакаров ауданының Тельман ауылының жамағаты үшін жаратушы иеге ғибадат ететін мешіттің жоқтығы қатты алаңдататын. Бүгінде Тельман ауылының тұрғындары үшін бұл олқылықтың орны толытырылды. Ауыл әкімі Серік Қаппаров игі істі басшылыққа алса, ал ауыл кәсіпкерлері мен шаруа қожалық иелеренің демеушілігімен мешіт құрылысы жүзеге асты. Ауыл мешітіне ыңғайлы болып табылған тұрғын үй ғимаратын жөндеуге кірісіп кетті. Тұрғын үй нысанын «Ақжол» шаруа-қожалығының төрағасы Даку Құсайын Нүриденұлы мешітке тегін берді. Алланың жердегі үйін – мешіттің жөнделуіне қалалық кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары бір кісідей ат салысты. Туған өлкенің рухани дамып өсуіне «Азнабай» шаруа-қожалығының төрағасы Сұлтан Аманжолұлы, «Ерболат» шаруа-қожалығының басшысы Хамеш Жұмақан, және жеке кәсіпкер Шекебекин Советхан сынды жомарт жандар демеушілік етті.

Мешіттің ашылу салтанатында аудан әкімі Сержан Аймақов арнайы ат басын бұрып, жердегі Алла үйнің ашылу рәсімінің куәсі болды. Ілкімді шараға сонымен қатар ауыл ақсақалдары мен тұрғындары ат салысты. Ауыл имамы Қамбар Әліпбек жамағат алдында құран оқыды. Айтулы күні бірқатар ауыл адамдары мешіт көрімдігін әкеліп жатты. Қасиетті Рмазан айымен сабақтасқан қос мерекені ауыл жұрты жоғарғы деңгейде ұйымдастырды. Алдағы уақытта мешітті заңды түрде тіркемек.

[gallery link="file" ids="7669,7670,7671"]

Осакаров ауданы «Тоқа Байғозы қажы» мешітінің Бас имамы Ж.А. Яхияев



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz