Сауаптың сарқылмайтын бұлағы, рухани кемелдену айы Рамазан басталды. Адам баласын тура жолға сілтер, барлық амалдың, ғибадаттың басы исі мұсылманның ортақ мерекесіне айналған қасиетті Ораза айы да келіп жетті. Күннің аптап ыстығына қарамастан, жұмыстың қаптауына қарамастан күллі мұсылмандар ауыз бекітіп Алланың алдындағы парызын өтеуге кірісіді. Бұл айда шайтандар кісенделіп,тозақ есіктері тарс жабылып,жәннат есіктері айқара ашылатын ұлық айды Алла Тағала құлдарына тарту еткен. Күндіз ораза тұтып, кешкілік құптан намазынан кейін 20 ракат тарауих намазы оқылады. Әбу һурайра былай айтқан: «Аллаһтың Елшісі рамазанда қосымша түнгі намаздарда орындауға адамдарды ынталандырған,бірақ оны үзілді-кесілді бұйырған жоқ. Ол: «Рамазанның түндерінде иманмен және Аллаһтың сауабына деген үмітпен намаздарын оқыған адамның алдыңғы күнәлары кешіріледі.» (әл-Бухари 37, Муслим 759.) Қарағанды облысы бойынша рамазан айында оқылатын тарауих намазына жиылған жамағат қарасы болды. Құптан намазынан соң фатиха және бақара сүресінен бір пара көлемінде оқылды. Жиылған барша жамағатқа Бас имам Өмірзақ қажы Бекқожа дұға оқыды. Айлардың сұлтаны рамазан айының ойдағыдай өтуіне ақсақалдар қауымы баталарын берді.
[gallery link="file" ids="7706,7707,7708,7709,7710,7711,7712,7713,7714"] Дайындаған: Азамат СерікханТарауих намазының сауабы