Бұқар-Жырау ауданында 25 маусым күні «Нұр шашқан ай қасиетті Рамазан» атты ақпараттық-танымдық аудандық семинар болып өтті. Ауданға қарасты барлық ауыл молдаларының қатысуымен өткен семинарды аудан бойынша Бас имам Аманбол қажы Рымқұлұлы жүргізіп, оразаның қыр сырын терең түсіндірді. Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына байланысты ел халқына деген үндеуін жеткізіп, үндеуге ат салысып қолдау білдіру, әр имам молдалардың міндеті екенін жеткізді. ҚМДБ-ның Қарағанды аймағы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы тапсырған іс-шараларға ұқыптылық танытуды міндеттеді.
[gallery link="file" columns="2" ids="7749,7750"]«Нұр шашқан ай қасиетті Рамазан»