28 маусым баспасөз қызметкерлерінің төл меркелері. Рамазан айымен тұспа-тұс келген БАҚ кәсіби мерекелерін мешіт өкілдері де құттықтап, алғыстарын жаудырды. Жұма күні «Бұқар жырау жаршысы» газетінің ұжымдарын аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің Бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы төл мерекелерімен құттықтады. Жақсылықтың жаршысы болған редакция ұжымына ерекше құрмет көрсетіп, қазақи дәстүрмен сый-құрмет білдіріп ұжым алқасын мешітке арнайы шақырды. Бас имам ізгі тілектерін білдіріп құттықтау хатпен діни кітаптар сынды естеліктер тарту етті.
[gallery link="file" ids="7760,7761,7762"]Баспасөз қызметкерлерін құттықтау