Қарағанды облысы Балқаш қалалық мешітінде демеушілердің ұйытқы болуымен ағымдағы жылдың маусым айының 30-шы жұлдызында мүмкіндігі шектеулі жандарға жәнеде 1,2,3 топтағы мүгедек жандарға арналған қайырымдылық шарасы өткізілді. Ізгі амалдар мен салиқалы істер сауабының еселеніп жазылатын қасиетті Рамазан айының құрметіне орай 10 отбасыға азық – түліктер берілді. Қалалық мешіттің бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажы Рамазан айы мерекесімен құттықтап, Алланың сынағына сабырлық таныта білу керектігін, қоғамымыздың толыққанды мүшелері ретінде аталған әлеуметтік топ өкілдеріне қажетті көмекті, күнделікті жан жылуын тұтас қоғам болып көрсетуге шақырды. Мүгедек жандар отбасының әрқайсысына азық– түлік салынған дорбаларды көліктерге тиеп, үйді-үйлерге мешіттің бас имамы және найб имамдары жеткізіп таратып берді. Алла Тағала ұстаған оразамызды қабыл етіп, жасаған жақсылықтарымыздың қайырын берсін! Жаратушы Иеміз халқымызға берекесін жаудырсын!
[gallery link="file" columns="4" ids="7791,7792,7793,7794"]Рамазандағы қайырымдылық шарасы