Center Image
IHSAN.KZ
Қаламы қарымды жандар ауыз ашарда...

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан! Адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған Рамазан айы есігін ашты. Сағындырып жеткен ұлық мерекеде барша мұсыламан таңның атысынан, күн ұясына батқанға дейін ауыз бекітіп, ішіп-жеуден бас тарту парыз етілген. “Рамазан айында бір жақсы іс жасаған адамға Алла тағала басқа айларда парыз істі орындағанның сауабын береді. Ал парызды орындағанға басқа айларда жетпіс парыздың сауабын жазады”, – дейді. Сауапты іс тындырып,ел ықыласына бөленіп жүрген жандар да бар. Бұқара мен билікті байланыстырып, қоғамдағы болып жатқан оқиғаларды халыққа дұрыс жеткізе білген жандарда қасиетті Рамазан айында да өздерінің белсенділігін танытты. Айтпағымыз, төртінші билік өкілдері журналисттер. Айлардың сұлтаны Рамазан айымен тұспа-тұс келген журналисттер қауымының төл меркелері еліміз бойынша кең ауқымда аталып өтуде. Қай салада болмасын БАҚ өкілдерінің сүбелі үлес қосқаны сөзсіз. Дініміздің де жоғарғы деңгейге жетуіне де осы журналисттер қауымының зор септігі бар. Рамазан айында болып жатқан игі істерді оқырмандарға дұрыс жеткізуде. Баспасөз қызметкерлеріне облысымыздың барлық мешіт өкілдері де сый-құрмет көрсетіп, кәсіби меркелерімен құттықтауда. Мешіт қызметкерлері тарапынан аудандар бойынша БАҚ өкілдеріне түрлі шаралар өтуде. Сол үрдіс Қарағанды облыстық орталық мешітінде де жалғасын тапты. Қарағанды қаласындағы жаңалықтың жаршысына айналған жандардың басын қосып, ас берді. Баспасөз қызметкерлерін Алла үйіндегі кешкі ауыз ашар рәсіміне шақырды. Қарағанды облысының Бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа тілшілер қауымына арнайы алғыс хаттар үлестіріп, шарапатты істің шапағатына бөленіп жүре берулерін тілге тиек етті. Алла үйінде жайылған ақ дастарханда бас қосқан қаламгерлерді құр қол қалдырмады. Арнайы сый-сыйяпаттар таратып,жылы лебіздерін жеткізді.

[gallery columns="4" link="file" ids="7818,7816,7819,7820,7821,7822,7817,7813,7814,7815,7812"] Дайындаған: Азамат Серікхан

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz