Заманымыздың өркендеп өсуі, еліміздің дамып гүлденуіне ықпал еткен елбасының жолдауларымен ел үшін жасап жатқан «2050» стратегияларының маңызы ерекше. Осыған орай кеншіміз өркендеп өсіп, кемеліне келген ауыл көркіне ісі сай, берекелі де қасиетті ауылымыз күннен күнге көркейіп өсіп келеді. Бұған біріншіден құдіретті Алланың несібесімен берілген халқына деген сүйіспеншілігінің еншісі болса, екінші жағынан кеніштегі Ново-Цинк ЖШС ықпалы мол. Кеніштегі жүзеге асып жатқан тұрғын үй құрлысы, жаңа тартылған су құбырлары – осының барлығы Ново-Цинк ЖШС бас директоры Қойшанов С.Қ. ұлының еңбегі десек артық айтқан болмас. Себебі алдына келген еңбектеген кәрі мен жас өркеннің қажет-мұқтажын шешіп, өзінің адамгершілік қасиетімен үнемі алда тұрған жан. Өзі кенішке бас директор болғалы халық үшін, ел үшін қолынан келгеннің барлығын жасап жатыр. Арнайы шын сүйіспеншілікпен айтайын дегенім мына қасиетті рамазан айының қарсаңында күрделі жөндеуден өткізіп жатқан Ақжал ауыл мешіті. Бұл мешітке тағы да үлкен демеушілік көрсетіп кейінгілерге үлгі өнеге көрсетіп, басында тұрған кеніштің бас директоры Қойшанов С.Қ. кеніш есебінен ,7 млн теңге ақшалай көмек көрсетіп отыр. Бұған қоса, кеніштің жалпы тұрғындары, мұғалімдер, жұмыскерлер де 2 млн. 800 мың теңге ақшалай көмек көрсетіп мешітіміздің көркейуіне үлестерін қосып,ат салысуда. Жиналған қаражат мешіттің күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалып жатыр .Атап айтқанда,намаз оқитын бөлме кеңейтіліп ,арнайы жасалған жай намаз төселді.Жылу жүйесі де қайта тартылыды. Ас беретін үлкен асхана салынды. Дәрет алатын орындар жасалып, қабырға,едендерді жаңартылып жаңа үлгідегі құралдармен жабдықталды.Мешітке қажетті заттардың барлығы алынып ,келген жамағатқа құлшылық қылуына барлық жағдай мүмкіндігінше жасалуда. Екі дүниеде сауабы мол игі іске ат салысып жатқан барша азаматтарға Алла разы болсын демекпін.
[gallery link="file" columns="4" ids="7882,7883,7884,7885"]Жаңа мешіт бой көтеруде