Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен үстіміздегі жыл «Дін және Дәстүр» жылы болып аталғандықтан жер жерде «Дін мен дәстүрді» сабақтастыру шаралары жалғасуда.Бұқар жырау ауданы Ақөре ауылында «Дін мен Дәстүр» сабақтастығы атты тақырыпта қайырымдылық іс-шара болып өтті. Бас имам Аманбол қажы Рымқұлұлы Рамазан айына қайырымдылық шараларын жиі өткізуді ауыл молдаларына тапсырған болатын. Осы орайда Ақөре ауылының молдасы Омаров Хабиб Рамазан айына ерекше дайындалып, ауыл тұрғындарына есте қалар сый жасады. Киіз үй тігіп, ас беріп, бәйге ұйымдастырып ат шаптырған дүбірлі тойда қазақи дәстүрмен күрес, арқан тарту, көкпар сынды, ойындар ойнатылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Басты шара қайырымдылық болғандықтан 1 бас ірі қара мал мен 3 қойдын еттері, киім кешектер таратылды. Сондай- ақ ауылдың бүлдіршіндеріне ерекше көңіл бөлген мешіт ұжымы «Шағын орталыққа» ойыншықтар сыйлады. Арнайы құрған батутта ойнаған балаларға тәтті тағамдарда тегін болды. Ауылдастарына шаттық сыйлаған ауыл молдасы Омаров Хабиб бауырымызға және оны қолдап жәрдем берген бауырларымызға Алла екі дүние берекесін берсін.Қайырымды айда қайырымдылық жалғаса берсін деп бір Алладан тілейміз.
[gallery link="file" columns="2" ids="7895,7896"]