Биылғы Рамазан айы Бұқар-Жырау ауданы үшін өте ерекше. Алланың қалауымен аудан бойынша ауылдық жерлерде Құран хатым оқылуда. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілі, Қарағанды облыстық мешіттің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Рамазан айын ерекше өтілуіне ықпал етіңіздер, шамаларыңыз келгенше Қари алдырып Құран түсіртіңіздер деп әр аудан қала имамдарына тапсырма берген болатын. Сауапты да жауапты тапсырманы мойнына алған аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы Қырғыз мемлекетінен арнайы 4 қари шақыртып ауылдарға Хатым түсіруге бөлді. Атап айтқанда Ақтөбе, Үштөбе, Қушоқы, ауылдарында құран бағышталуда. Қариларымыздың жағдайларын өз көзімен көру үшін бас имам Аманбол қажы Рымқұлұлы Қушоқы мешітінде болып жамағатпен кездесті. Ауыл жамағатымен тарауық оқып жас қариды жұртқа таныстырды. Өз кезегінде ақсақалдар ауыл жамағатын ұмытпай, ерекше көңіл бөліп отырған аудан имамына ықыластарын білдіріп, «Құран түскен айда хатым оқылса ол елге береке» - деп алғыстарын аямай, ақ баталарын берді.
[gallery link="file" ids="8022,8023,8024"]Құран түскен айда хатым түсірілуде