Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Түркиядан келген делегацияны қабылдады.
Атап айтқанда, Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі Ибраһим Йылмаз, Діни басқармасының маманы Исмайыл Өзкан, Кайсери қаласындағы «Хасеки» университеті Білім беру Кеңесінің мүшесі Мехмет Көсе Бас мүфтимен білім саласы, имамдардың біліктілігін көтеру, екіжақты рухани байланысты жандандыру, шәкірт тәрбиелеу, кітап шығару, т.б. мәселелер төңірегінде пікір алысты.
Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мұсылман елдерімен оқу-ағарту саласындағы байланысы жаңа деңгейге көтерілді.
Бүгінде 23 имам Түркияның «Хасеки» университетінің 3 жылдық оқу бағдарламасы бойынша білім мен біліктілігін шыңдауда.
[gallery link="file" ids="8038,8039,8040"]www.muftyat.kz