Center Image
IHSAN.KZ
Қарттар үйіне ауызашар берілді
Қарттар үйіне ауызашар берілді

Қарттар үйіне ауызашар берілдіЖақында «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлының бастамасымен Сұрыптау елді мекеніндегі қарттар үйіне арнайы барып ауызашар ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың қатарында аталмыш мешіттің шәкірттікте жүрген апаларымызда бар. Ақшам намазынан соң, жамағат дастарханға жиналды. Сауабы еселеп жазылатын ерекше айда Махмуд қажы Нұрұлы қарттардың халін сұрап, азын-аулақ сұхбат құрып Рамазан айымен құттықтады. Ақ самайлы әкелеріміз бен  ақ жаулықты аналарымыз мешіт ұжымына жан-жақты көрсетіліп жатқан көмектеріне ризалықтарын айтып ақ батасын берді. Сауаптан үмітті жамағат сонымен қатар дұға-тілектер айтып тарасты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz