Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Кел балалар оқылық
18 шілде, 2014 жыл 302 Басып шығару нұсқасы

«Бір Аллаға сыйынып, кел балалар оқылық» - деп Ыбырай атамыз айтқан сөзді жанына жалау еткен қазақ қай уақытта да баласының келешегінен үлкен үміт күткен. Балаларын молдаға « еті сенікі, сүйегі менікі» - деп тапсыратын да атам қазақ. Бүгінде ала жазды тиімді пайдаланған ата-аналар балаларын рухани ілімге сусындасын деп сауат ашу курсына беруде. Жылдағы дәстүрмен мешіттер жанындағы сауат ашу курстарын жандандыруға шақырған аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы Ғабедин Мұстафин кенті мен Петровка ауылына барып қайтты. Курстағы білім алып жатқан шәкірттермен кездесіп, қойылған сауалдарына жауап берді. Еліміздің болашағы жастардың сауатты болуын көздеген бас имам шәкірттердің білімдерін сынап оқу барысымен танысып, алды құранға түскендерге Құран кітаптар сыйлады. Кейінгі келген шәкірттерге «Муғалим сәни» кітаптарын да үлестіріп, өмірде сәт-сапар тіледі. Жазғы демалыста мешітке көмек көрсетіп, бала оқытып жүрген медресе шәкірттері Мурсали Олжабек пен Алданязов Даниярға алғыс айтылды. Оқуларын бітіріп ауылға келіп, асыл дінімізге қызмет етеді деп қос шәкіртке зор сенім артқанын жасырмады. Бас имам барша шәкірттеріне ризалығын айтып, медресеге жақсы мінездеме берді.


[gallery link="file" columns="4" ids="8208,8209,8210,8211"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары