Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Рамазан айы туралы не білесіз?
18 шілде, 2014 жыл 144 Басып шығару нұсқасы

Осы айдың 14-ші жұлдызында Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентінің мәдениет үйінде «Рамазан айы туралы не білесіз?» деген тақырыпта жиын өтті. Келелі кездесу барысында Рамазан айының қадір-қасиеті мен ерекшеліктерінен сөз қозғалды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Рамазан айында бір жақсы іс жасаған адамға Алла Тағала басқа айларда парыз істі орындағанның сауабын береді. Ал парызды орындағанға басқа айларда жетпіс парыздың сауабын жазады»- деген сөзі жиналған жамағатқа үлкен ой қалдырды. Одан әрі Шахтинск қаласы «Нұр» мешітінің азаншысы Байкешев Нұрғали тыңдаушы тұрғындарға Алланың әмірін өз уақытында орындау – үлкен сауаптарға кенелтетіні мен Рамазан айының өзгеде артықшылықтарын айтып өтті.


[gallery link="file" ids="8217,8218,8219"]

Әсет Ибраев





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары