Center Image
IHSAN.KZ
Ислам дінін қабылдаған Ирина

Бүгінде Аллаға шүкір Ислам дініне бет бұрып, асыл дінімізді тереңінен білуге ниет етіп жүргендер саны күн санап артып келеді. Сол жандардың бірі - Ирина Федровна. Қасиетті Қадір түнінің қарсаңында Теміртау қалалық мешітіне келіп, Ислам дінін қабылдайытынын айтты. Иринаның айтуынша, бауыры да ислам дінін қабылдаған және інісінің үйретуімен діннен аздап хабары бар екен. Бас имам Қанат Анасұлы асыл дініміздің қасиеттері мен рухани құндылықтары жайында айтып, кәлима-шаһадатты айтқызды. Дінімізде еш мәжбүрлеу жоқтығын әр адам өз еркімен, шын ниетімен қабыл ету керектігін де түсіндіріп өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz