Center Image
IHSAN.KZ
Шет ауданында «Мектепке жол» акциясы өтті

«Мектепке жол» акциясы жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биылда Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияға Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясында оқитын тұрмыстық жағдайы төмен отбасының балаларына сыйлықтар әзірленді. Атап айтар болсақ, көп балалы отбасынан шыққан алты балаға мектепке қажетті деген құрал-жабдықтарымен толық қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 9 сынып оқушысы мен анасынан ерте айырылған 5 сынып оқушысына күз, қыс мезгілдеріне арналған барлық киімдер алып берілді. Бұл игі іске мектеп мұғалімдері мен мектепке барушы оқушы да дән риза.

[gallery link="file" columns="4" ids="9367,9368,9369,9370"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz