Center Image
IHSAN.KZ
Игі істер атқарылды

Дәстүрімізде алыстан келетін құрметті қонақты сағына күтумен қатар, оны қарсы алудың алдында ерекше дайындық жасайтын әдетіміз бар. Сол секілді мұсылман қауымының ұлық мерекесі құрбан айттың қарсаңында №1-мешітте күрделі тазалық жұмыстары ұжымдасып атқарылды. Ауланың тазалығы мен мешіттің кіре беріс бөлмелерінен бастап, барлық тұстарына тиянақты жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы халықтың кіріп-шығуына қолайлы жағдай жасау жағы да назарға алынды. Ел болып атап өтетін ұлық мерекенің тиянақты атқарылуы үшін бас имам Орманбет қажы Болатұлы мешіттің барлық қызметкерлерімен алқалы жиын өткізіп өз деңгейінде өткізілуі тиіс мәселелерді де талқылады.

[gallery link="file" columns="5" ids="9530,9531,9532,9533,9534"] Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz