Center Image
IHSAN.KZ
Ақпараттық насихаттық топ жамағатпен бірге

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретінің бұйрығына сай имамдар Қарағанды облысына қарасты мешіттерді аралап, апта сайын тағылымы мол уағыз-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы имамдарға «Қабір азабы және қабірді зиярат ету тәртібі» тақырыбында ғибраты мол уағыз-насихаттар жүргізуге бекіткен болатын. Әр жұмада әр ауданға жол тартатын имамдар бұл жолы Қарқаралы ауданына қарасты ауылдарға тоқтады. Қарағанды қалалық №1-қалалық мешітінің наиб имам Айыпхан Думан Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылдық мешітіне, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің наиб имамы Ибраев Әсет Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентіндегі мешітте, Бұқар жырау ауданы «Жыржыс қажы» мешітінің бас имамы Мукаев Аманбол Қарқаралы ауданы «Құнанбай қажы» мешітінде жамағатпен жүздесіп, уағыздар жүргізді. Аталмыш тақырып бойынша қабір жайы мен қабірді зиярат етудің тәртібі турасында тарқата айтылды. Мазмұнды уағыздың соңынан жамағат тарапынан сауалдар қойылып, тұщымды жауаптарын алып, өз алғыстарын айтып тарасты. Қарағанды облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі

[gallery link="file" columns="4" ids="9572,9573,9574,9568"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz