Center Image
IHSAN.KZ
Болашақ колледжінің студенттерімен кездесу өтті

Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен бірқатар шаруалар атқарылуда. Жоғарғы оқу орындары мен білім беру мекемелерінде Ислам дініне еш қатысы жоқ өзге ағымдардан сақтану жайында түсіндіріліп келеді. Әсіресе экстремизм мен терроризмнің теріс әрекетттерін оң солын танып үлгермеген жас буындарға байыппен түсіндіру шаралары ауадай қажет екені анық. Осындай мақсатпен «Ислам - экстремизм мен терроризмге түбегейлі қарсы» тақырыбында Болашақ колледжінің студенттерімен кездесу өтті. Арнайы ұйымдастырылған бұл жиынға Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Серік Құрманов барып қайтты. Жастарға жоғарыда айтылған өзекті мәселені тарқата айтып, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар берілді. Сондай-ақ наиб имам С.Құрманов әсерлі уағыздардан соң: «Халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері мен асыл да қасиетті дініміздің құндылықтарын қастерлеп, әрқашан әрбіріміздің жүрегімізде болса нұр үстіне нұр болар еді» - деп өз сөзін аяқтады.

[gallery link="file" columns="2" ids="9615,9616"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz