Center Image
IHSAN.KZ
Құрбан айт қарсаңында қарттарға құрмет көрсетілді

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажының Құрбан айтқа қатысты тапсырмасында көрсетілген іс-шараларының аясында №1-мешіттің бас имамы Орманбет қажы «Қарттарым асыл қазынам» атты рухани кеш ұйымдастырып, №1-мешіттегі ақсақалдарға арнап мерекелік дастархан жайды. Пайғамбарымыз с.ғ.с үмбетіне айтқан өсиеттерінде үлкендерді сыйлап, жастарға мейірімді болуды тапсырған. Ибн Аббастан (р.а) жеткен риуаятта «Кішілерімізге мейірімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес», -дейді. Қарттарды құрметтеу күніне орай және Құрбан айттың қарсаңында өткен шараға шақырылған қонақтардың ортасында осы мешіттің қазығын қаққан сәттен бастап халыққа қызмет жасап келе жатқан еңбек ардагерлері де болды. Бас имам қазыналы қарттарды қос мерекемен құттықтап, дініміздегі және дәстүріміздегі ата-ананы құрметтеудің сауабы мен әдебі турасында насихат айтты. Игі дәстүр ретімен иықтарына шапан жапты. Қариялар да осы кешті ұтымды ұйымдастырып отырған мешіт қызметкерлеріне аталық алғыстарын айтып, ел мен жұртқа тыныштық тілеп кезек-кезегімен бата жасады. Дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің «Дін мен Дәстүр» атты кітабында: «Әйгілі Қашаған ақын былай деген: Жетпістен жасы асқанда, Сексенге аяқ басқанда, Жастар елеп келмесе, Келіп сәлем бермесе, Күнде асыл кисе де, Қартайғанда ер жетім. Яғни, жақсы сөз жанды жылытады, аяғы ауырып, жүрістен қалған шақта, қатары азайып көңілі жүдеген кезде қарттарға бұрылып сәлем беру, ол кісілер үшін үлкен құрмет. Олар бір жасап қалады, рахмет айтып, батасын береді.»,- делінген. Ендеше, дария кеуде тау мүсін, қарттарымыз аман-сау жүрсін.

[gallery link="file" columns="2" ids="9865,9866"] Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz