Center Image
IHSAN.KZ
Құрбан айт қарсаңында волейбол ұйымдастырылды

Қасиетті Құрбан айт қарсаңында Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен №66 мектептің спорт залында қыздар арасында волейбол жарысы болып өтті.

Волейбол жарысына Қарағанды облыстық орталық мешіттің атынан «Ихсан» атты команда, ҚарМУ-дың Филология факультетінің студенттері, және № 81 мектептің оқушылары қатысты. 6 қыздан құралған командалар 3 турда бақ сынасып, финалға шыққан жеңімпаздар белгілі болды. Ұйымдастырушылар мұсылман қауымының ардақты мерекемізбен құттықтап, жеңімпаздарды жариялады. Облыстық мешіт пен Қарағанды облыстық «Нұрлы Білім» қоғамдық бірлестігінің атынан кубоктар, ақшалай және «Дін мен Дәстүр» кітабы, марапаттау қағаздары тапсырылды.

Биыл бірінші рет қолға алынып отырған шара алдағы уақытта жалғасын табады деген үміттеміз.

[gallery link="file" columns="4" ids="9910,9911,9913,9914"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz