Center Image
IHSAN.KZ
Өкіл имам құрылысшылармен кездесті

Қасиетті жұма намазынан соң өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы №1-мешіт жанындағы медресеге дайындық курсына арналған қосалқы ғимаратта жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс нысанындағы басқосуға Қарағанды облыстық дін істері басқармасының бастығы Қайрат Қаршығаұлы да қатысты. Құрылысқа жауапты мамандармен жұмыс барысын талқылап, оның сапалы және қарқынды жүргізілу жолдары қарастырылды. Тиісті мекеме басшылары өзара келісімдер жасап, шұғыл қажетті іс-шараларды өз уақытында аяқтау үшін ортақ келісімдерге келді.

[gallery link="file" columns="2" ids="10138,10139"] Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz