Center Image
IHSAN.KZ
Жат ағымға жол жоқ!

ҚМДБ-ның өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бекіткен АНТ-ның іс-шараларының аясында тағы  бір кездесу өтті. КЭУК студенттерімен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында өткен кездесуге Қарағанды облыстық дін істері басқармасы мен қалалық ішкі саясат мамандары, «Сау ұрпақ» қоғамдық ұйым мүшесі және Қарағанды қалалық №1-мешітінің бас имамының міндетін уақытша атқарушы Бақдәулет Қыдырбайұлы қатысты. І-ші курс студенттеріне білімді болумен қатар, діни түсінікті дұрыс қалыптастыру, ата-ана мен ұстазды қадірлеу, қолда барға қанағат ету, «жихадтың» ең абзалы адамның өзінің бойындағы жат әдеттерімен күресуі сынды тағылымды уағыздар айтылды. Жат ағымдар жайлы ҚМДБ-ның жариялаған пәтуалары таныстырылды. Екі тілде жүргізілген сұхбатта екі дүние зардабына ұшырататын жаман қылықтардан сақтану жолдары да насихатталды.

Қарағанды қалалық 1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery ids="10475,10476,10477,10478,10479"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz