Center Image
IHSAN.KZ
Бас мүфти: Мұсылман үмбеті жаһанданудың жаман дертіне қарсы тұруы қажет
Бас мүфти: Мұсылман үмбеті жаһанданудың жаман дертіне қарсы тұруы қажет

363a0e309785045d10bbf91ca43c175fСолтүстік Қазақстан облысында «Қазіргі қазақстандық қоғамның руханилығын қалыптастырудағы діннің рөлі» тақырыбында өткен конференцияда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осылай мәлімдеді.

ҚМДБ төрағасы белгілі бір қауымның қалыптасуы үшін оның ортақ танымы болуы тиіс екенін тілге тиек етті. Себебі, кез келген ұлттың ұлт болып танылуы үшін алдымен ортақ тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, Отаны болуы қажет.

«Тарихшы ғалымдардың тәжірибесі мен зерттеулері көрсеткендей, адамзат ғұмырында ғибадатханасыз бір де бір қала болмаған екен. Сондай-ақ, әрбір ұлттың тағдыры оның рухани танымының өміршеңдігіне де байланысты. Мысалы, Сібір аймағындағы талай ұлт-ұлыстар төтеннен келген бөтен танымға қарсы тегеурінді қауқар көрсете алмай, идеологиялық басқыншылықтың құрбанына айналды. Қазірде жаһанданудың жойқын екпініне қарсы күресе алатын бірден-бір таным иелері ол – біз, яғни мұсылман үмбеті екендігі айқындалуда. Оларда арақ ішіп, жаман жолға салыну, зинақорлық, нашақорлық, нәпсіқорлық сияқты талай «қорлықтардың», тексіздік пен мінезсіздіктен туындайтын аты жаман дерттердің мүлде жоқ немесе аз екендігі дәлелденуде. Біз жаһанданудың жаман дертіне қарсы тұруымыз қажет», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ Баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz