Center Image
IHSAN.KZ
Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жуырда Қарағанды облыстық мешітінде өкіл имам Өмірзақ қажының төрағалық етуімен өткен алқалы жиында қала, аудан имамдарына мешіттерді абаттандыру мен сенбіліктер ұйымдастыру істері тапсырылған болатын. Осы орайда көктем мезгілінде бас имам Орманбет қажының тікелей қолға алуымен №1-мешітінің ауласына отырғызылған 75 түп қайың, қарағай, шырша көшеттерін баптауға, аула тазалығына әрдайым көңіл бөлініп тұрады. Кеше осы мешіттің қызметкерлері бір кісідей жұмылып, мешіттің ауласы мен сыртқы айналасына күрделі тазалық жұмыстарын жүргізді. Жаяу жүргіншілер жолдары да қоқыстардан тазартылды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген дана халқымыздың мақалына сай ынтымақтасып атқарған сауапты іске мешіт жамағаттары да үлестерін қосты.

     Қарағанды қалалық 1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery ids="10578,10579,10580"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz