Center Image
IHSAN.KZ
Бас мүфтидің сұхбаты мешітте көрсетілуде
Таяуда  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Хабар» арнасының «Көзқарас» бағдарламасына сұхбат берген болатын.  «Дін және діл»  тақырыбы аясында өрбіген сұхбатта  бас мүфти жүргізуші Ирак Елекеев пен теле көрермендер тарапынан қойылған сауалдарына тұщымды   жауап беріп, бірқатар тақырыптарды тарқата айтты.   Бұл бағдарлама  тікелей эфир арқылы  теледидарға шықты. Сондай-ақ  интернетте жарияланған видеосын Қарағанды облыстық орталық мешіті  әр намаздың алдында мешітке келуші жамағатқа үзбей көрсетуде. Жарты сағаттық  бағдарламада  еліміздегі діни ахуалдар мен келелі мәселелер төңірегінде айтылған. Біраз тақырыпты қамтып өткен сұхбатты көрермен жұртшылығы жақсы қабылдады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атқарып жатқан жұмыстары мен Бас мүфтидің дін мен дәстүр төңірегінде қолға алған  шараларын жамағат құптарлық іс деп оңды пікірлерін білдіруде. Құран кітаптың таралымы мен тарқатылуы жайында айтылған жауапқа да  көпшілік риза болды. Себебі, Құран оқушылардың қатары Аллаға шүкір күн санап көбеюде. Сонымен қатар, асыл дінімізді насихатталуы мен ақпараттандыру жағын  күшейту керектігіне де тоқталды. Әсіресе мүфтидің әр сауалға нақты және кеңінен  жауап бергені, байыппен жүргізген   әңгімелері  кейінгі буын жастарға үлгі болып, қараша халыққа жақсы әсер қалдырды. Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі [gallery link="file" ids="10768,10769,10770,10771,10772"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz